Астанадағы ерекше өнер жәрмеңкесіне «Қазақфильм» 7 фильм көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы ерекше өнер жәрмеңкесіне «Қазақфильм» 7 фильм көрсетеді

Астанадағы ерекше өнер жәрмеңкесіне «Қазақфильм» 7 фильм көрсетеді

Астанада маусымның 7-8-дерінде өтетін «Біртұтастық пен алуан түрлілік» атты креативтік өнердің үшінші жәрмеңкесі аясында «Қазақфильм» киностудиясы жеті фильм көрсетеді, деп сейсенбі күні «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Маусым 2011
  • 477
Фото - Caravan.kz

Хабарда айтылғандай, жәрмеңке қонақтары «Май» (реж. С. Абишев, 2009), «Выгодная сделка» («Тиімді мәміле»)(реж. А. Ганцев, 2009), «Мизам» (реж. Е. Лисасина, 2010), «Ата» (реж. А. Жүнісова, 2010), «Ақ мол болсын» (реж. Н. Садығгұлов, 2010), «Күтпеген Неке» (реж. Ш. Уразбаева, 2010) және «Ангелочек» («Періште») сериалы (реж. Р. Альпиев пен Э. Гильман, 2008) фильмдерін тамашалай алады.

«Көрме бүкіл әлемнің қазіргі заман суретшілерін бас қостырып, өнердің әр жанрларын: каллиграфия, өнер, музыка, кино және т.б. өнер салаларын біріктіріп, сондай-ақ Орталық Азия халықтарының өнеріне ерекше назар аудартады», — делінген кинокомпанияның ақпараттық баянында.

Жәрмеңке мақсаты әр түрлі мұсылман елдері мәдениеттерінің суретшілерінің тамаша сан алуандығын көрмелер, семинарлар, көріністер мен кино көрсетілімдері арқылы әлемге көрсету.

Шараны ұйымдастырушылар атап көрсеткендей, жәрмеңке Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының жас көшбасшыларының форумы аясында ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар