Астанадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «Жұлдыздар биі» балалар фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «Жұлдыздар биі» балалар фестивалі өтеді

Астанадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «Жұлдыздар биі» балалар фестивалі өтеді

1-4 қараша күндері Астана қаласындағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында Қазақстанның өңірлерінен би ұжымдары қатысатын «Жұлдыздар биі» балалар би фестивалі өтеді.

  • 1 Қараша 2012
  • 563
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «AstanaStars» фестиваль қозғалысының баспасөз қызметі хабарлады.

Фестивальге 4 пен 18 жас аралығындағы балалар түрлі би жанрлары бойынша қатыса алады.

Осы жылы сайыста Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Павлодар, Петропавл және Астана қалаларының, сонымен қатар, балалар үйінің хореографиялық топтары өнерлерін көрсетеді.

Іс-шара қоғам үшін ерекше мәдени құндылық ретінде саналатын жасөспірімдердің шығармашылық бастамаларын қолдау, республика аймақтарындағы балалар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Фестиваль 1 қарашада «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында Қазақ ұлттық өнер университеті студенттерінің қатысуымен классикалық музыкамен салтанатты түрде ашылады.

Ал 4 қарашада фестиваль қорытындысы шығарылып, жүлдегерлерге алғысхаттар, мақтау қағаздары, бағалы сыйлықтар тапсырылады.

Фестиваль аясында қатысушыларға елорда бойынша экскурсия ұйымдастырылып, Қазақстанның черлидингтен чемпионатын және «Шабыт» халықаралық фестивалін тамашалау мүмкіндігі туады.

Ұйымдастырушылар — «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы және Астана қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен «AstanaStars» фестиваль қозғалысы.

Соңғы жаңалықтар