Жарияланды: 360

Астанаға Мәскеудің атақты А.Чехов театры келеді

14-17 қараша аралығында Астана қаласында Конгресс-холл сахнасында «Астана - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» халықаралық жобасының аясында Олег Табаковтың жетекшілігімен А.Чехов атындағы Мәскеу көркем театрының гастрольдері өтеді.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Астана тұрғындары мен қонақтарына 14-15 қарашада Александр Вампиловтың пьесасы бойынша «Чулимскідегі былтырғы жаз» атты драмасы және 16-17 қарашада Николай Гогольдің «Үйлену» атты өшпес комедиясы ұсынылады. Спектакльдерге ресейдің белгілі театр мен кино актерлері Наталья Егорова, Евгения Добровольская, Никита Зверев, Юрий Стоянов, Яна Гладких, Станислав Дужников және басқалары қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін