Астаналық музыканттар әйгілі пианиношы Ван Клибернмен онлайн конференцияда сұхбаттасты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық музыканттар әйгілі пианиношы Ван Клибернмен онлайн конференцияда сұхбаттасты

Астаналық музыканттар әйгілі пианиношы Ван Клибернмен онлайн конференцияда сұхбаттасты

Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университеті әлемге әйгілі музыкант, америкалық пианиношы, П. И. Чайковский атындағы Халықаралық байқаудың алғашқы жеңімпазы Ван Клибернмен онлайн конференция арқылы тілдесті.

  • 29 Маусым 2011
  • 497
Фото - Caravan.kz

Маэстромен сұхбаттасу үшін «Шабыт» өнер шаңырағының үлкен залына университет ұстаздары мен тәлімгерлері, сондай-ақ музыка сүйер қауым жиналды. Олар қазіргі заманның ұлы музыкантына тікелей сауалдар қоя алады.

«Аталмыш конференция П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясынан бірнеше мемлекетке, соның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне таратылады», — дейді Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, ҚР халық әртісі, профессор Айман Мұсақожаева.

А. Мұсақожаеваның айтуынша, студенттер В. Клиберннің үлкен музыкант ретінде педагогикада өзін қалай ұстайтындығын, жас өнерпаздарға деген көзқарасын және Қазақстан музыканттарымен әріптестік орнатуға қалай қарайтындығын білгілері келеді.

Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университеті Ресейдің П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясымен әріптестік орнатқан. Соның негізінде қос тарап шеберлік сыныптарымен, семинарлар және байқаулармен алмасып тұрады.

В. Клиберн 13 жасынан АҚШ-тың Карнеги-холында өнер көрсете бастаған. 1951 жылы Джульярдск мектебінде Розина Левиннің сыныбында тәлім алды. Левентритта (1954 ж) және П. И. Чайковский атындағы (1958 ж) байқауларда өзінің таңғаларлық жеңісінен кейін, В. Клиберн атағы айдай әлемге тарала бастады. Ван Клиберннің шеберлік сыныптары мәдениет әлемінде үлкен оқиға болып есептелінеді.

Соңғы жаңалықтар