Жарияланды: 330

Астаналық жұп би спортынан Ресейде өткен чемпионатта «қола» иеленді

21-27 қазан күндері аралығында Мәскеуде «Дэнс Аккорд-2012» би спорты бойынша Ресейдің ашық чемпионаты өтті.

Оған ресейлік және еуропалық белді клубтармен қатар қазақстандық спортшылар да қатысты. Қазан айының басында чемпион атанған астаналық жұп Қазақстан намысын кезекті рет абыроймен қорғап, өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеді. Нариман Әшенов пен Аружан Алдашева еуропалық билер бағдарламасында 329 жұппен бақ таластырып, қола медальды қанжығаларына байлады. Еуропалық бағдарлама бидің бес түрін қамтыды: баяу вальс, танго, веналық вальс, баяу фокстрот және quick-step. Финалға өту үшін Нариман мен Аружанға турнирдің алты кезеңінен өту керек болды. Бұдан бөлек, елордалық жұп латиноамерикандық бағдарлама бойынша 357 жұп қатысқан іріктеуден сәтті өтіп, бесінші орын алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін