Астананың «Фараб» ән-би театры «Варна- 2011» халықаралық фестиваліне қатыспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың «Фараб» ән-би театры «Варна- 2011» халықаралық фестиваліне қатыспақ

Астананың «Фараб» ән-би театры «Варна- 2011» халықаралық фестиваліне қатыспақ

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Фараб» ән-би театры «Варна- 2011» ХХ Халықаралық фольклорлық фестивалінде ел намысын қорғамақ.

  • 29 Маусым 2011
  • 459
Фото - Caravan.kz



С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттерінен құралған «Фараб» ән-би театры бұған дейін де көптеген шет елдерде өнер көрсетіп, қазақ өнерін насихаттап келеді. Солардың арасында, Болгарияда өткен «София-2010» халықаралық фольклорлық фестивалін атауға болады. Онда театр ұжымы қазақтың ән-билерін орындап, шетелдік өнер сүйер қауымды тәнті етіп қайтқан болатын.

«Бұл Қазақ агротехникалық университетінің халықаралық байланыстарды өнер арқылы нығайту бағытында жасап жатқан ізгі қадамдардың бірі. Себебі, өнер мен мәдениет — тіл мен ділді таңдамайтын, әрдайым достастық кепілі болып табылатын әлемдік рухани мұра», — деп атап өтті театрдың көркемдік жетекшісі Мейіржан Әлиакбаров.

1-10 тамыз аралығында өтетін «Варна- 2011» ХХ Халықаралық фольклорлық фестивалін Варна қаласы Муниципалитеті (Болгария мемлекеті) мен Мәдениет департаменті ұйымдастырып отыр. Байқауға 25 елден 34 өнер ансамблі қатысуға ниеттерін білдірді. Фестивальға тек 8 елдің би ұжымдары шақырту алды. Солардың бірі — «Фараб» ән-би театры. «Фараб» Қазақстаннан шақыртуға ие болған жалғыз би ұжымы болғандықтан, халықаралық өнер додасында ел намысын абыроймен қорғауға ниетті. ҚазАТУ студенттері байқауда әдеттегідей, қазақтың ұлттық билері мен халық әндерін орындайтін болады.

Соңғы жаңалықтар