Жарияланды: 440

Атырауда Италия азаматы музыкалық дарынды балаларға өз атынан стипендия тағайындамақ

Атырауда Италия азаматы музыкалық дарынды балаларға өз атынан стипендия тағайындамақ

Атыраудағы бір бірлескен кәспорында жұмыс істеп жатқан Италия азаматы, этнофольклорды қастерлеуші Рино Консольмино атыраулық жас талант иелеріне жеке өзінің атынан жыл сайынғы стипендия тағайындауды ұйғарды.

Италия азаматының тұңғыш стипендияты Дина Нұпейсова атындағы Халық музыкасы академиясының бітірушісі Әйгерім Әпенова болды. «19 жасар Әйгерім талай халықаралық және республикалық деңгейдегі конкурстардың жеңімпазы. Дәл соған тұңғыш стипендия бұйырып, ол Италияда шығатын дискі жазбақшы», - деді Әйгерімнің музыкалық тәлімгерлері. Р. Консольмино жергілікті оркестрлердің концерттеріне жиі келіп, драматеатрында, облыстық мұражайларда жиі болады. Ол бір күні академиядағы сабақта болып, дарынды балаларды қолдамақ болып шешіпті. Италия азаматы дарынды музыканттардың Италияда концертін ұйымдастырып, олар әр түрлі конкурстарда жеңетін болса, колледжге музыкалық аспаптар сатып әпермекші болыпты. «Мысалы, егер пианистші қандай да конкурстан жеңіп шығатын болса, оқу мекемесі Консольминодан фортепьяна алады, егер скрипкашы лауреат атанса, колледж сыйлық ретінде жақсы скрипка алады», - дейді академиядан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін