Атырауда Италия азаматы музыкалық дарынды балаларға өз атынан стипендия тағайындамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда Италия азаматы музыкалық дарынды балаларға өз атынан стипендия тағайындамақ

Атырауда Италия азаматы музыкалық дарынды балаларға өз атынан стипендия тағайындамақ

Атыраудағы бір бірлескен кәспорында жұмыс істеп жатқан Италия азаматы, этнофольклорды қастерлеуші Рино Консольмино атыраулық жас талант иелеріне жеке өзінің атынан жыл сайынғы стипендия тағайындауды ұйғарды.

  • 7 Маусым 2011
  • 430
Фото - Caravan.kz

Италия азаматының тұңғыш стипендияты Дина Нұпейсова атындағы Халық музыкасы академиясының бітірушісі Әйгерім Әпенова болды.

«19 жасар Әйгерім талай халықаралық және республикалық деңгейдегі конкурстардың жеңімпазы. Дәл соған тұңғыш стипендия бұйырып, ол Италияда шығатын дискі жазбақшы», — деді Әйгерімнің музыкалық тәлімгерлері.

Р. Консольмино жергілікті оркестрлердің концерттеріне жиі келіп, драматеатрында, облыстық мұражайларда жиі болады. Ол бір күні академиядағы сабақта болып, дарынды балаларды қолдамақ болып шешіпті.

Италия азаматы дарынды музыканттардың Италияда концертін ұйымдастырып, олар әр түрлі конкурстарда жеңетін болса, колледжге музыкалық аспаптар сатып әпермекші болыпты.

«Мысалы, егер пианистші қандай да конкурстан жеңіп шығатын болса, оқу мекемесі Консольминодан фортепьяна алады, егер скрипкашы лауреат атанса, колледж сыйлық ретінде жақсы скрипка алады», — дейді академиядан.

Соңғы жаңалықтар