Жарияланды: 430

Атырауда мемлекеттік академиялық би театрының «Балет кеші» өтеді

Атырау қаласында Махамбет атындағы қазақ драма театрында 5-6 қараша күндері Мемлекеттік академиялық би театрының 45 жылдығына арналған «Балет кеші» өтеді.

Бұл шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Отаным - бақыт мекенім» атты гастрольдік-концерттік тур ауқымында өтпек. Осы өнер кештерінде көрермендер «Аққу көлі» балетін, «Анна Павлова - орыс балетінің аққуы» балетінің премьерасын және «Революция дауылпазы», «Кармен» бірактілі балеттерін тамашалайтын болады. Сондай-ақ бұл өнер мерекесі қазақ би өнерінің майталманы Болат Аюханов негізін қалаған «Алматының жас балеті» мемлекеттік классикалық би ансамблінің 45 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Болат Аюханов - ҚР халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері, өнертану профессоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, әлемдік мәдениетке қосқан үесі үшін халықаралық Сократ сыйлығына ие болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін