Атырауда жастардың VII Ұлттық дельфий ойындары өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жастардың VII Ұлттық дельфий ойындары өтеді

Атырауда жастардың VII Ұлттық дельфий ойындары өтеді

Атырауда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жастардың VII Ұлттық дельфий ойындары өтеді, деп хабардайды байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 24 Маусым 2011
  • 640
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан жастарының ұлттық дельфий ойындары еліміздің дарынды жастарын анықтау және қолдау, бүкіл әлемде нығайып келе жатқан дельфий ойындары идеясын іс жүзінде дамыту, жастарды толеранттылық пен басқа мәдениетке қызығушылық руһында тәрбиелеу мақсатында өткізіледі», — делінген ведомствоның ақпаратында.

Оған сәйкес, ойындар келесі номинациялар бойынша конкурстық бағдарлама түрінде өтеді: фортепиано, скрипка, академиялық орындау, халық әндерін орындау, эстрадалық орындау, халық биі, заманауи би, баян, аккордеон, сырнай, халық аспаптары, фотосурет, бейнелеу өнері және вэб-дизайн.

«Биыл дельфий ойындарының іріктеу кезеңдеріне Қазақстанның барлық облыстарынан 10-25 жас аралығындағы 2000 аса дарынды жастар қатысты. Оның 400-ге жуығы Атырауға келіп, бақтарын сынайды», — делінген ақпаратта.

Байланыс министрлігінің хабарлауынша, ойындарды ҚР білім және ғылым министрлігі, Атырай облысының әкімдігі «Нұр Отан» ХДП-сының қолдауымен Ұлттық дельфий комитетімен бірлесіп өткізеді.

Жастардың VII Ұлттық дельфий ойындарының ашылуы 25 маусымда сағат 16-да М, Өтемісов ат. Атырау облыстық драма театрында өтеді.

Соңғы жаңалықтар