Жарияланды: 530

Атырауға гастрольдік сапармен келетін әртістер ендігі жерде қоятын концерттерінің бағдарламасын қалалық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімімен келісуге тиіс

Атырауға гастрольдік сапармен келетін барлық әртістер қоятын концерттерінің бағдарламасын ендігі жерде қалалық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімімен келісуге тиіс. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өз кезегінде гастрольге келген әртістермен келісім-шатқа қол қоюшы барлық мәдениет мекемелері де бұл туралы әкімшілікті хабардар етуге тиіс. Мұндай жаңалық әртістердің концерттік мәтіндерінде қоғамқа қарсы, экстремистік сипаттағы сөздерге жол бермеу үшін өзіндік цензура түрінде енгізіліп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін