"Ауызды жауып, мылқау болып отыра алмайды екенмін": Жұлдыз Әбдікәрімова көпке ұрсып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ауызды жауып, мылқау болып отыра алмайды екенмін": Жұлдыз Әбдікәрімова көпке ұрсып берді

"Ауызды жауып, мылқау болып отыра алмайды екенмін": Жұлдыз Әбдікәрімова көпке ұрсып берді

Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова желіде күтпеген мәлімдеме жасап, елді ойландырып қойды.

  • 22 Сәуiр
  • 489
Фото - Caravan.kz

Ол елдегі су тасқынына қатысты өз ойын ашық айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі жеке парақшасында мәлімдеді.

«Әлемде болып жатқан табиғи апаттар адамның жылдар бойы қолымен жасаған ауыр әрекетінің бірі емес пе? Түркиядағы жер сілкінісі, Дубай, Ресей, Қазақстандағы су тасқыны барлығы-барлығы Жер Ананың айқайы емес пе? Көрсек те, көрмегенсіп, естісек те, естімегенсіп, ауызды жауып алып, көр, саңырау, мылқау болып отыра беруге шыдам болмай тұр. Адамдар, болашағымыз қауіпсіз болсын десек, балаларымыз жер бетінде алаңдамай өмір сүрсін десек, оянайықшы, ойланайықшы. Жер Анаға тыныштық берейікші» деп жазды ол.