Ayumi “91” тобының қыздарша нұсқасына айналды деп сыналды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ayumi “91” тобының қыздарша нұсқасына айналды деп сыналды

Ayumi “91” тобының қыздарша нұсқасына айналды деп сыналды

Ayumi тобы өздерінің “Сен емес пе” атты әнге түсіріліп жатқан бейнебаяндарына дайындық жұмыстарын жүргізуде.

  • 14 Шiлде 2016
  • 4360
Фото - Caravan.kz

Әншілер аталған туындыда өздерін жаңа қырынан көрсетпек. Мұнымен қатар, бойжеткендер сырт келбеттерін түбегейлі өзгерткен. Алайда бұл өзгерістері олардың тыңдармандарына ұнамай қалған сыңайлы. Олар бойжеткендердің “91” тобына еліктеп жүргенін айтқан.

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Айдана шашын сары түске бояса, Ақназ қызғылт сары түсті құп көрген. Ал Әсел шашын күлгін түске бояған.

Мұндай өзгерісті тыңдармандары күтпеген-ді. Бірі бестік бағасын берсе, енді бірі олардың Ninety one тобына еліктеп жүргендерін тілге тиек етті.

Аталған топтың продюсері Алуа Қонарова қыздарын қорғаштап сөйледі.

“Құрметті Eaglez, сіздерге айтарым бар! Сөзіме сеніңіздер, Ayumi шаш түсін түбегейлі өзгерткен алғашқы қыздар тобы емес. 2000 жылдары “Рахат Лукум” тобы шаштарын қызыл, көк, алқызыл сынды түстерге бояған болатын. Жігіттерден құралған топтар да өзгеше киініп, сырға таққан.


Олардың қатарында Ринго да бар. Қазақ эстрадасы К-поптан бастау алған жоқ. Бізге барлығы Батыстан келді. Ешкім 91 тобына еліктеп жатқан жоқ. Сондықтан қыздарға және басқа әртістерге қатысты жағымсыз пікірлер жазбауларыңызды сұраймын.

1

91 тобы сіздердің дәл осындай қылық көрсетіп, боғауыз сөздер айтып жүргендеріңізді білсе, көңілдері қалып қалатын еді.  Барлық әртісті жақсы көріп, бір сахнада өнер көрсетіп жүрген әріптестерді сыйлаңыздар”, – дейді ол.

Желі қолданушылары продюсердің бұл сөзін қоштап, бұдан кейін жағымсыз пікір жазбайтындарын жеткізді. Арасында ақыл айтпауға кеңес бергендер де табылды.

Соңғы жаңалықтар