"Азаматтық неке өміріме балта шапты" - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Азаматтық неке өміріме балта шапты"

"Азаматтық неке өміріме балта шапты"

Сәлеметсіздер ме, мен талайдан бері «Алаш айнасындағы» «Отбасы &ndash ошақ қасы айдарын» жібермей оқып жүретін оқырмандардың бірімін.

  • 8 Қазан 2020
  • 125
Фото - Caravan.kz

Бүгін өзімнің басымдағы жағдайды да ашық баяндап, сырымды ақтаруға бел будым.

Адам өзінің қателескенін өмірден опық жегенде ғана түсінеді екен. Алматы қаласында тұрғаныма алты жылдай болды. Жоғары оқу орнын бітірген соң, жұмыс жасап осы қалада қалып кеттім. Құдайға шүкір дипломым бар, жұмысымды істеп тұрып жатқам. Аяқ астынан танысқан бір жігіт, жылы сөздерімен баурап алды. Тәтті сөздеріне сенгенім соншалық тіпті алды артымды ойландырмады. Көп ұзамай қосылып қойдық. Одан кейін қыңқылдап жүріп бірге тұруға көндірді. Үш жылдан бері бірге тұрып жатқан құрбыларымды тастап онымен бірге пәтер жалдауға келістім. Бірге пәтер жалдады деген аты ғана әйтпесе ай сайын 7 ай бойына пәтерақыны мен төлеп жүрдім. Бірге тұрып бастаған соң, тіпті қыз бен жігіт болып кинотеатрға, паркке бармайтын болдық. Күн сайын жұмыстан соң асыға келіп, оның алдынан тамақ жасауға тырысатынмын. Әрине тамаққа керек затты жолдан үнемі өзім сатып әкелетінмін. Тамақ ішіп болған соң, серуендеп жүріп қайтайық десем, жата қалғанша асығатын. Алғашында мән бермегеніммен уақыт өте суйый бастадым. Бірақ сонда да өзім жөндеп аламын ғой деп бәріне мойын ұсындым. Той туралы айтып, некені заңдастыру туралы айтсам, «кішкене ақша жинап алайық, сосын» деп тыйып тастайтын. Ол да дұрыс шығар тойға біраз қаражат керек қой деп сонда да мән бермедім.
Бір күні аяғым ауырлағанын білдім. Білген сәтте қатты қорқып кеттім. Арамыз суығанын байқаған соң, алдын ала оның басын алып қашарын сезгендей болдым. Расында да аяғым ауырлағанын айтқанда о шошып кетті. «Жаспыз ғой, неге асығамыз? Той өтсін, алдырып таста» деп үгіттей бастады. Сол сәтте ол туралы не ойлайтыным бәрін айтып айтып тастадым. Сол сітте-ақ сыртқа қашып жоғалды. Келесі күні жұмысқа кеткенімде мен жоқта келіп киім кешегін жинап алып кетіпті. Қатты жыладым. Неше күн нәр сызбай жаттым. Ақырында ойланып жеңгеме айттым, болған жайды. Жеңгем түсік жасауға көндірді. Сонымен дәрі ішіп, оған бала түспей ақырында жедел жәрдем шақырып, дәрігерлердің көмегімен баланы алғыздым. Қатты стреске түсіп есімді әзер жинадым. Талай түн баланың жылаған даусынан шошып оянып жүрдім. Обалың әкеңе болсын деп нешеме түндер қарғадым. Бірақ бар кінә өзімнен екенін білемін. Осы оқиға мені он жылға есейтіп жібергендей болды. Қазір жігіт атаулыға қызығушылығым төмендеді. Өмірге де. Әйтеуір ілбіп өмір сүріп жатырмын. Қыз келіншектер, сіңлілер азаматтық некеден абай болыңыздаршы. Атымды да көрсетпей-ақ қойыңыздаршы.
С. Алматы қаласы 



 

Соңғы жаңалықтар