Жарияланды: 520

«Әжімсіз жүрек...» атты жыр жинағы жарық көрді

7 желтоқсан күні Астанадағы «Қаржы академиясы» АҚ колледжінде ақын Ербол Бейілханның «Әжімсіз жүрек...» атты жыр жинағының тұсаукесері өтеді.

Бұл туралы аталмыш оқу орнының баспасөз орталығы хабарлап отыр. «Өлең өлкесіне өзіндік өрнегімен келген ақын Ербол Бейілханның есімі оқырманға етене таныс. Шұрайлы тіл мен шырайлы ойға толы әр жыры ғасырлар құндағында қалған қазақы болмыспен беттестірер құдіретке ие ақын поэзиясының «тамыры - тереңде». Туған жер, атамекенге деген перзенттік парыз, өмір туралы толғаныс, сезім қылын шертер махаббат әуендері топтастырылған «Әжімсіз жүрек...» жинағы - Сіз бен Бізді тіршілік күйбеңдерінен бір мезетте арман әлеміне, қиял кеңістігіне жетелейді» делінген хабарламада. Е. Бейілхан республикалық бірнеше жыр жинақтарына өлеңдері енген, жыр мүшайраларының жеңімпазы. Тұсаукесер кешіне елімізге танымал ақын-жазушылар мен әншілер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысады. Сонымен қатар театр актерлары ақынның өлеңдерін оқып, әншілер ақынның сөзінде жазылған әндерді орындайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін