Ажырасқан әйелге үйленуге қарсы емеспін - Абай Бегей - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ажырасқан әйелге үйленуге қарсы емеспін - Абай Бегей

Ажырасқан әйелге үйленуге қарсы емеспін - Абай Бегей

Абай Бегей тағдыр тәлкегіне ұшырап, күйеуімен ажырасып, перзентімен жалғыз қалған әйелді жар етіп алуға қарсы еместігін мәлім етті. Сондай-ақ, әнші өзін жас әнші Дана Кентаймен не байланыстыратынын айтып берді.

  • 8 Қараша 2016
  • 6840
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz жазады.

Абай Бегей мен Дана Кентай біраз уақыттан бері гастролге бірге шығып, түрлі қалалаларға бірге саяхаттап жүр.

Screenshot_11

Әнші жас дарынмен түскен суреттерін жиі жариялайтын болған.

Screenshot_12

Соған қарап жұрт қос әншінің арасында махаббат сезімі бар деп болжауда.

Screenshot_7

Жуырда ғана отандық бағдарламалардың бірінде Абай Бегей үйленуге дайын еместігін айтты. Осыдан 3 жыл бұрын өмірден озған жарын еске алған ол балаларының анасын еске алып, тіпті, көзіне жас алған еді. Ал жуырда Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында әнші «жалғыздықтың Құдайға ғана жарасатынын» айтып қалды.

«Ер адам болсын, әйел адам болсын, олай жүре беруге болмайды. Данасыз ештеңені де елестете алмаймын», – деп ағынан жарылды Абай Бегей.


Есесіне әкесімен түйдей жасты әншіні тек ағасындай сыйлайтын Дана Кентай бұл туралы хабарсыз екенін мәлім етті.

«Ол кісінің сезімі жайлы білмейді екенмін. Маған ештеңе білдірген жоқ. Абай аға менің әкеммен жасты адам. Сондықтан да тек қана ағалы-қарындасты қарым-қатынастамыз», – деп түсіндірді ол.

Ал алғашқыда «Данасыз ештеңені елестете алмаймын» деген Абай Бегей бұл сөзінің тек сахнаға қатысты екенін түсіндірді.

«Көбісі басқаша ойлап қалып жатыр, бірақ арамызда ештеңе жоқ. Тек сыйластық қана. Ақмола облысында концерт бердік, төрт күн Бурабайда болдық. Сол кезде сондай әңгімелер болды. Жұлдыз бол, басқа бол, ер адам болғаннан кейін қыздардан ұсыныс болып тұрады. Уақыт көрсетеді бәрін де, қазірге ондай үйленетін ой жоқ. Әзірге кішкентай қыздарымның жағдайын жасап, өнерімді шыңдау – бар мақсатым. Алдағы уақытта болып жатса, өзім айтамын. Бірақ қызы болсын, ұлы болсын, Алланың басқа салған тағдыры ма, түрлі себептермен ажырасып жатқандар көп. Сол себепті ондайларды алуға қарсы емеспін», – деп түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар