Бұл жолы ол елдің алдына көзі көгерген күйі шықты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Әнші желідегі парақшасына видео жүктеді. Онда оның көзі көгергенін байқауға болады.
Әншінің өзі болса: «Көзіміз көгергенше, өзіміз көгеріп, көктейік ағайын!» деген қысқа ғана жазба қалдырған.
Белгілі болғандай ол әйелімен бірге әзіл видео түсірген көрінеді. Онда әншінің телефонға үңіліп, әлдекімнің билеп жатқан сәтін қарап отырғанын байқауға болады. Содан болар, өнер иесінің әйелі әзілмен оның көзін көгерткен.
Көпшілік эстрада жұлдызы мен оның әйеліне әзіл шыны аралас тілектеріп жаудырып жатыр. Олар: «Кімді үңіле қарап отырсың?», «Байзақова шығар билеп жатқан», «Төрешке не істесе де жарасады», «Ұят болған екен жұбайыңыздан»,- деген пікірлерін жаудырып жатыр.