Жарияланды: 440

Балаларға арналған ұлттық балет ұсынылады

Қазақстанның хореографтар одағы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні шеңберінде 1 желтоқсанда сағат 17.00-де К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының сахнасында

белгілі балетмейстерлер Гүлмира және Гүлнара Ғаббасовалар қойған Н. Нұридиннің «Кішкентай сиқыршы - Ерлік Бака» атты балаларға арналған ұлттық балетін ұсынады. Бұл туралы Қазақстан хореографтар одағының төрағасы Дүйсенбек Нақыпов мәлім етті, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. Осыған орай жобаның ұйымдастырушылары 2012 жылғы 29 қарашада Қазақ ұлттық өнер университетінің филиалында аталған балет бойынша арнайы баспасөз мәслихатын өткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін