«Басқа планеталықтардың қатысы жоқ» - жаңажылдық кинокомедия түсірілуде
Қазақстанда «Басқа планеталықтардың қатысы жоқ» атты жаңажылдық кинокомедия түсірілуде. |
Жаңа отандық фильм көруге өте жеңіл, дегенмен, оның желісі қызықты әрі ойламаған жерден өзгеріп шыға келеді, бұл картинаны «барлық кино сүюшілер» санатына жатқызады.
Фильм бір-бірімен кейін байланысатын - үш оқиғадан тұрады. Бұл оқиғалар өз өмірлерімен өмір сүріп жатқан және олардың тағдырлары таяуда тоғысатынын білмейтін әртүрлі адамдар туралы.
Картина актерлары: Фархат Әбдрайымов, Венера Нығматулина, Төлепберген Байсақалов, Максим Акбаров және қазақстандық шоу бизнестің жұлдыздары, «Басты рөл» киношоуының жеңімпаздары мен финалистері.
Картина бұқаралық көрсетілімге 2013 жылдың 12 желтоқсанында шығады деп күтілуде.
Қазақстандық жаңа фильмнің түсірілуіне орай 19 желтоқсан күні Астанада жоба режиссері Фархат Шәріпов, басты рөлдерді сомдаушы Фархат Әбдрайымов пен Макс Акбаров, атқарушы продюсер Дина Жұмабек журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізбек.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін