Батырхан Шүкенов атындағы қор әншінің әндерін ең үздік орындаушылар байқауын жариялады
![]() |
Батырхан Шүкенов атындағы қор әртіс әндерін ең үздік орындаушылар байқауын жариялайды. |
Бұл туралы қайтыс болған әншінің жақын досы әрі бұрынғы арт-директоры Олжас Байқанов өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
Қазіргі кезде О.Байқанов 2015 жылдың мамыр айында құрылған Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қордың директоры болып табылады.
Батырхан Шүкенов әндерін ең үздік орындаушылар байқауы 2015 жылдың 1 қазаны мен 5 қарашасы аралығында өткізіледі. Оған кез келген елдің азаматтары қатыса алады. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмаған. Музыкалық білімнің болуы міндетті емес.
Байқау жеңімпазы 2015 жылғы 25 қарашада Алматы қаласында өткізу белгіленіп отырған Батырхан Шүкеновты еске алу концертіне қатыса алады.
Қатысушылар өздерінің жұмыстарын remember.batyr@gmail.com -ға
жолдай алады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін