Батырхан Шүкеновке арнаған бейнебаян көрерменнің көзіне жас ұялатты (ВИДЕО)
![]() |
Қазақ эстрада әншісі Ерлан Көкеев Батырхан Шүкеновке арнап саксафонмен жазылған композициясына клип түсірді. 4 қыркүйек күні көрерменге ұсынылған бейнебаян көпшіліктің көңілінен шығуда. |
Клипті Көкеевтің өзінің «К7» кинокомпаниясы түсірген екен. Басты рөлдің бірін әншінің қызы Рената Көкеева ойнайды.
Үоutube-де жарияланғанына ұзақ уақыт болмаса да, бейнебаянды көрушілер саны көп болып, жұртшылық Батырхан Шүкеновті сағынып, көздеріне жас алғандарын жасырмады.
"Бейнебаянды түсіргендерге алғысымыз шексіз. Батыр мен оның саксафоны біздің жүрегімізде мәңгі қалады", - дейді тыңдарман қауым.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін