Жарияланды: 460

Батысқазақстандық әнші Македонияда өткен халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралды

Батысқазақстандық әнші Македонияда өткен халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралды

Батысқазақстандық белгілі әнші Марат Сарбөпеев Македонияның астанасы Скопьеде өткен «Еврофест» эстрадалық әндер фестивалінен бас жүлдемен оралды.

Аталмыш өнер бәйгесіне биыл Еуропадағы 14 мемлекеттің 16 өкілі қатысқан. Солардың арасынан топ жарып, бас бәйгені еншілеген М.Сарбөпеевтің айтуынша, жиырма жылдан бері өтіп келе жатқан "Еврофест" ән бәйгесі арқылы көптеген таланттар танылған. Айталық, ресейлік Филипп Киркоров пен итальяндық танымал әнші Тикия Россо 1992 жылы аталмыш байқауға қатысып, екеуі де лауреат атанған. Айта кететін жайт, «Еврофест» фестиваліне бұған дейін Қазақстаннан ешкім қатыспаған екен. Батысқазақстандық әнші бас жүлдеге қоса алдағы жылы оныншы рет өтетін "Изерскибисери" фестиваліне шақырту алған. Бұл өнер бәйгесіне М.Сарбөпеев шәкірттерін де дайындап, апармақшы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін