Батысқазақстандық әнші Македонияда өткен халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық әнші Македонияда өткен халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралды

Батысқазақстандық әнші Македонияда өткен халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралды

Батысқазақстандық белгілі әнші Марат Сарбөпеев Македонияның астанасы Скопьеде өткен «Еврофест» эстрадалық әндер фестивалінен бас жүлдемен оралды.

  • 9 Қараша 2012
  • 456
Фото - Caravan.kz

Аталмыш өнер бәйгесіне биыл Еуропадағы 14 мемлекеттің 16 өкілі қатысқан. Солардың арасынан топ жарып, бас бәйгені еншілеген М.Сарбөпеевтің айтуынша, жиырма жылдан бері өтіп келе жатқан «Еврофест» ән бәйгесі арқылы көптеген таланттар танылған. Айталық, ресейлік Филипп Киркоров пен итальяндық танымал әнші Тикия Россо 1992 жылы аталмыш байқауға қатысып, екеуі де лауреат атанған.

Айта кететін жайт, «Еврофест» фестиваліне бұған дейін Қазақстаннан ешкім қатыспаған екен.

Батысқазақстандық әнші бас жүлдеге қоса алдағы жылы оныншы рет өтетін «Изерскибисери» фестиваліне шақырту алған. Бұл өнер бәйгесіне М.Сарбөпеев шәкірттерін де дайындап, апармақшы.

Соңғы жаңалықтар