Батысқазақстандық режиссер республикалық байқаудан табысты оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық режиссер республикалық байқаудан табысты оралды

Батысқазақстандық режиссер республикалық байқаудан табысты оралды

Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас режиссері әрі көркемдік жетекшісі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты,

  • 27 Мамыр 2011
  • 604
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Еркін Нұрымбетов Талдықорған қаласында өткен КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, композитор Мұқан Төлебаевты еске түсіруге арналған «Алтын таяқша» дирижерлер байқауынан табысты оралды.

Алматы, Астана, Талдыықорған, Орал және Ақтөбе қалаларынан 11 үміткер қатысқан республикалық сында Еркін лауреат атанып, екінші дәрежелі дипломды еншіледі. 2013 жылы Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығы аталып өтілетін болса, Талдықорғандағы М.Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптар оркестріне биыл 20 жыл толып отыр. Өнер додасына сондай-ақ Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі де қатысты.

Бұл Е.Нұрымбетовтің бірінші табысы емес. Бұдан бұрын Шамғон Қажығалиев атындағы ресупбликалық дирижерлар байқауының жүлдегері атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар