«Орал пленэр» деп аталған шараны ұйымдастырып отырған «Өнер» қоғамдық қорының президенті, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Қуандық Мәдірдің айтуынша, оған Сатыбалды Құлбеков, Бекжан Жұмабаев, Қайыр Оразғалиев сынды белгілі қылқалам шеберлерімен қатар М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің биылғы түлектері Жанпейіл Сейтақов, Арген Төребаевтар қатыспақшы.
Бірыңғай киім киген суретшілер Оралдың «Арбатында» бүгіннен бастап 28 маусымға дейін, бір апта бойы пейзаж жанры бойынша еңбектенеді. Олар өз туындыларын тәуелсіздік тойына арнамақ.