Жарияланды: 450

Баян батырдың 300 жылдығы мен Ата заңның 20 жылдығына арналған айтыс өтеді

Баян батырдың 300 жылдығы мен Ата заңның 20 жылдығына арналған айтыс өтеді

Тамыз айының 28-29 аралығында Павлодар қаласында Баян батырдың 300 жылдығы мен Ата заңның 20 жылдығына арналған

«Азаматпын. Еркінмін. Еріктімін» атты аймақтық ақындар айтысы өтеді.

Айтыста Астана, Семей, Көкшетау, Қарағанды және Павлодар қалаларынынан сөз сүйлейлері сынға түседі. Олардың қатарында Дидар Қамиев (Қарағанды), Ұларбек Қамиев, Серік Молдабек (Семей), Қуаныш Нұржанов, Қуаныш Оспанов (Көкшетау), Аягөз Серікқызы (Астана), Қуанар Қуатбек, Аспанбек Шұғатаев (Павлодар), Қуанышбек Шарманов, Алмагүл Жүгінісова, Рауан Қайдаров, Нұрқанат Қайрат, Алтынбек Мақсатхан, Оразбек Саяхат, Абзал Қабдраш және тағы да басқа ақындар бар.

Дүбірлі жыр додасы «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығында өтеді, деп хабарлайды kazaitys.kz.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін