Баян Есентаева енді жігіттерге продюсер болмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 525.87
  • 614.37
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаева енді жігіттерге продюсер болмақшы

Баян Есентаева енді жігіттерге продюсер болмақшы

Қазақстандық белгілі  продюсер Баян Есентаева жігіттерден құралған ән тобына продюсер болуға бел буды.

  • 30 Қыркүйек 2015
  • 482
Фото - Caravan.kz

Топ мүшесінің фотосын өз Instagram парақшасына жария еткен Есентаева жаңа бойз-бэндті құратынын мәлімдеді, деп жазады juldyz-alem.kz.

«Мына жап-жақсы жігіт кім? Қыздар, жақында сендерге жаңа Boyband-тің барлық мүшелерін таныстыратын боламын! Ал әзірге таныс болып қойыңдар, жас, сымбатты, дарынды @erzhan_muhataev», — деп жазған Есентаева.

Топтың қалған мүшелері әзірге құпия сақталуда. Ал жазылушылар болса, қазірден болжамдарын жасап үлгерген.


Айта кетерлігі, Есентаева бойз-бэндті құру бастамасын алғаш рет қолға алуда. Продюсердің бүгінде екі арулардан құралған танымал тобы бар — «КешYou» және «Lashyn».