"Баян Мақсатқызы келініне теріс көзқараспен қарады, қолдау көрсетпеді": Айдар Асқарбек ажырасуына не әсер еткенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 523.17
  • 550.06
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Баян Мақсатқызы келініне теріс көзқараспен қарады, қолдау көрсетпеді": Айдар Асқарбек ажырасуына не әсер еткенін айтты

"Баян Мақсатқызы келініне теріс көзқараспен қарады, қолдау көрсетпеді": Айдар Асқарбек ажырасуына не әсер еткенін айтты

Көпшілікке "Рауза" телесериалы арқылы танылған актер Айдар Асқарбек әйелі Жарқынай Ханайыммен ажырасуына Баян Мақсатқызының ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

  • 27 Қазан 2023
  • 3741
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біздің ажырасуымызға сериалдағы сүйіс сахнасы себеп болған жоқ. Біздің себептер оның алдында біраз уақыт бұрын пайда болған. Оның алдында келіспеушіліктер болып жүрді. Тағы бір айтып өтетін маңызды жәйт бар. Осыған дейін берілген сұхбаттар мен дұрыс емес ақпараттарға байланысты Баян Мақсатқызын жамандап жатады. "Келініне теріс көзқараспен қарады, келініне қолдау көрсетпеді", деген пікірлер де бар. Ол — теріс пікір. Себебі, "Раузаның" екінші маусымының алдында маған Баян Мақсатқызы ресми түрде келіп "Айдар, сенде сүйіс сахналары болады, жарыңа ескерт", деді. Сол кезде мен ол кісіге Жарқынай екеуміздің арамыздың суығанын, бірге тұрмайтынымызды айттым. Екіншіден, актриса ретінде Жарқынай сценарийді оқып, бәрін білу керек болатын. Сондықтан, бұл мәселеге Баян Мақсатқызының еш қатысы жоқ екенін айтқым келеді", — дейді актер.