Жарияланды: 780

«Бейбітшілік үшін саяхат»: қазақстандық суретшілердің туындылары Қытайға тарту етілді

Астанада өтіп жатқан «Бейбітшілік үшін саяхат» көрмесі аясында қазақстандық суретшілердің туындылары Қытайға тарту етілді.

«Көрмеге Қытайдың белгілі 20-дан астам суретшісінің және Қытай еліне сыйға берілген Қазақстан суретшілерінің көркемсурет шығармалары ұсынылып отыр», - делінген ҚР мәдениет министрлігінің ақпаратында. Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көрмеде Қазақстанның белгілі қылқалам шеберлері Марат Тұқсаитов, Төлеуғазы Байғалиев, Қалиолла Ахметжанов, Владимир Проценко, Сембіғали Смағұлов, Ерлан Айтуаров шығармаларын тамашалауға да болады. Көрермен назарына Қытай елінің көркемсурет өнерінде елеулі орын алатын ірі тұлғалардың «гохуа», «гохуа» мен «майлы бояудағы сурет» стильдерін араластырып орындалған туындылары ұсынылған, делінген ақпаратта. Бұл стильдегі орындаушылар өз шығармаларын әртүрлі табиғи ландшафт пен пейзаж жанрын дамыта отырып кескіндейді. Мысалы, таулардың, құстардың, жануарлардың түрлері бойынша суретшілер бір бағытта мамандандырылады. Бұл суреттердің басты элементі иероглиф болып табылады. Еске сала кетейік, көрме Қытайдың «Әлемнің барлық бұрышына қытайдың әлемге танымал суретшілерінің бейбіт саяхаты» комитетінің бастамасымен ұйымдастырылып, өткізілуде. Қазақстан тарапынан көрмені ұйымдастыруға ҚР мәдениет министрлігі қолдау көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін