Жарияланды: 780

Бекмамбетов американдық президент Линкольн өмірінің құпия тұстары туралы фильм түсірді

Белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов американдық президент Авраам Линкольн ғұмырының құпия тұстары туралы фильм түсірді.

«Авраам Линкольн туралы фильмге келсек, бұл біздің Тим Бертонмен (американдық режиссер – ҚазТАГ) бірлесіп түсірген жобамыз, оның 2 жыл бойы түсірдік, мен оны түсіру жұмыстарын Жаңа Орлеанда аяқтадым. Бұл - американдықтардың ең сүйікті президенті туралы фильм», - деді Т. Бекмамбетов жұма күні ASTANA экшн-фильмдердің халықаралық кинофестивалінің алдындағы баспасөз мәслихатында. «Біздің фильм оның өмірінің құпия парағы туралы баяндайды, оның күндіз қарапайым адам – ағаш кесуші, заңгер, Америка президенті болғаны, ал түнде Америкаға оның құрылған алғашқы күндерінде қоныстанған вампирлермен күрескені туралы баяндайды», - деді режиссер. Оның айтуынша, Авраам Линкольнның мұражайы бұл жобаға ресми қолдау білдірді. «Олар біздің фильміміз жас көрермендерге көп көмектеседі деп есептейді. Біздің фильмнен кейін олар оны (А. Линкольнды – ҚазТАГ) көбірек бағалап, ол туралы көбірек білетін болады», - деді Т. Бекмамбетов. Сондай-ақ, ол «Базелевс»компаниясы Жаңа 2011 жылдың қарсаңында шығарған «Елки»фильмінің жалғасы түсіріліп жатқанын хабарлады. Режиссер «Елки 2012» биыл желтоқсан айында экранға шығады деп уәде берді. АҚШ-та бұл фильмнің аудармасы жасалып жатыр және кинокомпания жобаның американдық жобасын түсіру үшін әріптес іздестіруде. Сондай-ақ, «Юниверсал» кинокомпаниясы «Черная молния» фильмінің американдық нұсқасын дайындап жатыр, деді Т. Бекмамбетов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін