Жарияланды: 610

Бекжан Тұрыс әке мен бала арасындағы тамырланған тартысты сахнаға алып шықпақ

Бекжан Тұрыс әке мен бала арасындағы тамырланған тартысты сахнаға алып шықпақ

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері,

М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актері Бекжан Тұрыс «Ұлым саған айтам...» атты моноспектакль қоймақ, деп хабарлады baistars.kz

Әке бауыр еті баласының әулет абыройын асқақтатып, әлеуметтің жайын ойлар азамат болып өскенін қалайды. Ал, бала қашанда жаңаға ұмтылады. Әке мен бала арасындағы тартыстың тамырлануын тек қана түсіністік пен мейірім ғана сақтап қалады. Кешегіге қарайлаудан гөрі жаңаның жетегімен жүруді жөн көретін, білім мен білікке көбірек сүйенген бүгінгінің жастарынан иба мен иман қатар сіңсе деп ойлайды. Театрдың талантты артисі, сахна сайыпқыраны Бекжан Тұрыс ұлт дегенде ұлағатты сөз айтуға ұмтылатын сергек ойлы азаматтардың бірі ретінде, баласы Мағжан екеуі мәртебелі көрерменіне мағыналы кеш сыйламақ.
«Жетпіс жеті күн», «Ұят болмасын», «Еркектің аты еркек» телебағдарламалары арқылы көпшілікке кеңінен танылған Бекжан Тұрыс баласы Мағжанмен кешті ән мен жырмен көмкермек. Спектакль авторы Бақыт Беделхан, ал режиссері Асхат Маемиров. Кеш М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында 6 желтоқсан күні сағат 17.00-де басталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін