Белгілі актерлер А.Төлепов пен А.Өтепберген Ғ.Мүсірепов театрында өнер көрсететін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі актерлер А.Төлепов пен А.Өтепберген Ғ.Мүсірепов театрында өнер көрсететін болды

Белгілі актерлер А.Төлепов пен А.Өтепберген Ғ.Мүсірепов театрында өнер көрсететін болды

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры жаңа маусымның дайындығына кірісті.

  • 26 Тамыз 2015
  • 464
Фото - Caravan.kz


Бұл маусымның бір жаңалығы — қазақ жастары арасында аса танымал актерлер Асылхан Төлепов мен Аян Өтепберген енді осы театр сахнасында да өнер көрсетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне театрдың бұқаралық ақпарат құралдармен байланыс жөніндегі маманы Мая Әділхан хабарлады. 

«Мүсірепов театрының ұжымы жаңа маусымның ашылуына дайындықты бастады. Алда атқарар жұмыстар, тың идеялар, шығармашылық ізденістер көп болмақ. Сонымен қатар театрымыздың актерлер құрамы Аян Өтепберген және Асылхан Төлепов сынды талантты жігіттермен толықты», — дейді баспасөз хатшысы. 
Айта кетейік, Аян Өтепберген мен Асылхан Төлепов Ақан Сатаевтың «Жау жүрек мың бала» фильмінде басты рөлдерді сомдап, көрермен ықыласына бөленген. «Жау жүрек мың бала» тарихи картинасы — қазақ киноиндустриясында бірнеше рекорд орнатқан фильм. Себебі 2012 жылы премьерасы өткен соң фильмнің кассасы бірнеше күн ішінде 1 миллион долларға жуық пайда тапқан. 
Сонымен қатар кинотеатрлар тұңғыш рет қазақ тіліндегі фильмнің прокатына сұраныс арттырған. Прокатқа берілген кезде фильмнің 70 пайыз көшірмесі ана тілімізде, 30 пайызы орыс тілінде таратылған. Алайда, кинотеатрлар қазақ тіліндегі көшірменің жетпей жатқанын айтып, фильмнің ана тіліміздегі нұсқасын қосымша сұратқан болатын.

Соңғы жаңалықтар