Жарияланды: 610

Белгілі сурет жинаушы Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіров сурет көрмесін ұсынды - ШҚО

Белгілі сурет жинаушы Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіров сурет көрмесін ұсынды - ШҚО

12 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен мерекелік бағдарламалар мен бірге Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы, белгілі сурет жинаушы Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіров сурет көрмесін ұсынды.

Бейнелеу өнері – бұл тылсым сезім дүниесі. Сурет әлемі өзінің мазмұнымен, адамға сыйлар бір сәттік шаттығымен тартымды. Алдияр Ақылбекұлы мен кітапхана ұжымы осындай сезімдер палитрасын еліміздің тәуелсіздігі мерекесіне арнап арнайы ұйымдастырды. Көрмеде қазақстандық, сонымен бірге ресей суретшілерінің сурет өнерінің туындылары жинақталған. Вернисажда «Последний бой», (К. Кадырбеков), «Здесь будет Астана» (В. Ляпунов), «Ұлан» (Б. Исин), «Первый урожай» (Ю.Хабаров), «Последние новости» (Н.Өтепбаев), «Моншақ тарту» (В.Ляпунов), «Музей - усадьба Абая» (Б. Исин), «Заоблачный край» (Л. Агейкин) суреттері ұсынылған. Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіровтың жан дүниесі бейнелеу өнерінің баға жетпес құнды полотноларын жинау тәрізді қасиетті іс-әрекеті арқылы көрінеді. Ол сонымен бірге, осындай өнер құндылықтарын жомарт көңілімен өз жерлестеріне ұсынып, оларға рухани жігер беріп, шабыт биігіне жетелеуді жөн көрді. Көрмеге келіңіздер! Нағыз сезім әлемімен жүздесуге шақырамыз!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін