Жарияланды: 360

Берлинде Марат Бисенғалиевтің концерті өтті

Берлинде Марат Бисенғалиевтің концерті өтті

Жексенбінің кешінде Берлин филармониясында қазақстандық скрипкашы, халықаралық сыйлықтың лауреаты,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Марат Бисенғалиевтің жеке концерті өтті.

Сахна майталманы бас дирижер Лиор Шамбадалдың басқаруындағы Берлиннің симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

Неміс жұртшылығы классикалық музыканы сүйсіне тыңдап, М. Брух, И. Брамс, сондай-ақ өзіміздің жерлесіміз Мұқан Төлебаев сынды композиторлардың шығармаларына жоғары баға берді.

«Абай» және «Шәкәрім» сюиталарына ұзақ қол соқты. Бұл туындылардың авторы - британдық композитор, Британия империясының даңқ орденінің командоры Карл Дженкинс.

Ағылшын маэстросы бұл туындыларды жазар алдында қолға алмақ ісіне өте жоғары жауапкершілікпен қарап, көшпенділердің өмірімен, мәдениетімен танысу үшін, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысу үшін елімізге арнайы келгені баршаға мәлім. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін