"Берсең мақтанбай бер": Шымкенттің он жүкті әйеліне тегін ет таратқан блогер Ырысбала Икрамбай тағы да елдің сынына қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.51
  • 611.83
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Берсең мақтанбай бер": Шымкенттің он жүкті әйеліне тегін ет таратқан блогер Ырысбала Икрамбай тағы да елдің сынына қалды

"Берсең мақтанбай бер": Шымкенттің он жүкті әйеліне тегін ет таратқан блогер Ырысбала Икрамбай тағы да елдің сынына қалды

Танымал блогер, қайырымдылықпен шұғылданып, елге танылған Ырысбала Икрамбай елге тегін тамақ таратамын деп, көптің сынына ілікті.

  • 23 Маусым
  • 12
Instagram/Ырысбала Икрамбай

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Блогер Ырысбала Икрамбай инстаграмда шымкенттік он аяғы ауыр келіншекке ет асып, оның қасына шай табағын қосып, әйелдердің үйіне ыстық күйде жеткізіп берген. Көпшілік Ырысбаланың үйде тамақ пісіргеніне сүйсінетіндерін жиі жазады.

Ол бауырсақ пісіріп, еттің сәнін келтіріп асып оқырмандарына көрсетіп жатады. Мұны көрген әйелдер «Жүкті едік, сіздің етіңізді жегім келеді» деп жи қолқа салатын көрінеді. Блогер сондай он келіншектің мекенжайын алып, қазақша етті әдемілеп асып, үйлеріне жіберген.

Десе де оқырмандар арасынан оның бұл әрекетін сынға алғандар да болды. Олар блогерге мұндай әрекетімен мақтанбауын сұрады.