Ол Қызылордадағы өзінің жеке салонын жақтаумен болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әншінің кіші қарындасы Дина Төреәлі желідегі парақшасында Қызылордаға тойға барғанын мәлімдеген. Сондай-ақ ол онда өзінің жеке салонына барған қалыңдықтың суретін желіге жүктеген.
Көпшілік оның салонының қыздарының қалыңдықтың бет-әлпеті мен қасын жөнді боямағанын сынға алған. Осыған орай, Дина Төреәлі желіде ашулы жазба қалдырды.
«Мә, өңкей визажистер жиналып қалыпты ғой. Кеше невестаның қасы хит болды. Клиент қандай макияж сұраса, салон қыздары солай жасап береді. Невестаның қасы ламинирование — өзіне сондай қас ұнайды. Әр адамның талғамы әр түрлі. Сондықтан, білгішсіне бермеңіздер, ок?», — деп жазды ол.