Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші жеке өміріне қатысты шындықтың бетін ашты.
“РАС ЕМЕС!!! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. ЖҰМЫСЫМЫЗҒА үлкен жауапкершілікпен қараймыз! Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ,шүкір!
Бізді байланыстыратын – ӨНЕР! Біз бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты!
О,ЖАРАТҚАН ИЕМ! Елім, Ата-Анам, Ер Азаматым, Балаларым, Бауырларым ЖӘНЕ менің қымбатты инста әлемімдегі Достарым бағыма аман болсын!!! Әмииин!!!
P.S. Өмірдегі ДОСЫМ,өнердегі ӘРІПТЕСІМ Нұрлан екеуміздің бірігіп жасаған жұмысымыздың, ЯҒНИ, “Рас па?” атты бейнебаянымыздың кадрдан тыс сәттерінен үзінді видеоларды тамашалаңыздар!”, – деп жазды ол.