Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол “1001 түн” бағдарламасына берген сұхбатында үлкен ұлы Бекболатты үйлендіріп, келін түсіруге дайын екенін айтты.
”Біз ұлымызды үйлендіруге дайынбыз. Жүрек шіркін сәті келгенде ешкімді тыңдамайды. Жүректің әмірі болғанда болады”, — деді ол.
Сондай-ақ, өнер иесі қандай ене болатынын да жасырмай айтты.
”Жалпы бүлік, ашу, айғай, ұрыс деген нәрсені жаным сүймейді. Өзім үйдегі көп баланың ішіндегі ең жұмсағы, әлжуазы, қорқағы, үркегі мен болыппын. Сәл-пәл ұрыс болса сыпырылып шығып кетеді екенмін. Мен ұнатпаймын. Татулақта, бірлікте, сыйластықта, түсіністікте өмір сүрейік деген жақсылықты ғана үндейтін адаммын. Сондықтан балаларымның бақыты үшін өмірлеріне оңтайлы жағдай жасап, құлақ күйін бұрап, болмай жатқанның тігісін жатқызып отырамын. Әрине, әрбір ата-ананың тәрбиедегі бағыты сондай болу керек. Жас болғаннан кейін міндетті түрде қателіктер, келіспеушіліктер болады. Екі адамның бір шаңырақ астында өмір сүруі өзінен өзі болмайды. Өмір деген мектептен өтеді. Ол жерде талай сынақтар болады. Сол кезде ата-ананың оңтайлы ықпалы болу керек”, — дейді әнші.