Жарияланды: 40

Бүгін елордада «Сүндет – 2019» акциясы өтуде

Бүгін елордада «Сүндет – 2019» акциясы өтуде

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырмасымен 2019 жылғы 7-8 маусымда сағат 10:00-ден бастап 17:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы №2 қалалық балалар ауруханасында 3-7 жас балалар арасында көп балалы аналардың балаларына «Сүндет 2019» акциясын өтуде.

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды, деп жазды Baq.kz

7 маусым күні Алматы ауданының, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, дін, уролог қайымдастығының және «BI Жұлдыз-ай» корпоративтік қорының өкілдерінің қатысуымен акция басталды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында қолдауымен арнайы балаларға арналған аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастыруда.

Акция аясында 10 жоғары санатты, білікті балалар хирургтары циркумцизия отасын жасайтын болады. Бастапқыда акция шеңберінде 100 ұл балаларға сүндетке отырғызу рәсімі жасалады.

Өткізу орны – Аурухананың клиникалық-диагностикалық орталығы, Р.Қошқарбаев даң. 64, кіре берісі Абылай хан көшесі жағынан. 2 қабат, А блогы.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін