Бүгін ҚР еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова 60 жасқа толды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін ҚР еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова 60 жасқа толды

Бүгін ҚР еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова 60 жасқа толды

60 жыл бұрын (1956) әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі НҰРМАҒАМБЕТОВА Айжан Қабдуалиқызы дүниеге келді.

  • 7 Маусым 2016
  • 783
Фото - Caravan.kz


Қостанай облысының Сарыкөл ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика бөлімін, Республикалық эстрада-цирк колледжін бітірген.
Репертуарында халық, қазақ, орыс және түрік, араб, т.б. елдердің ұлттық әндері, сондай-ақ қазіргі қазақ композиторларының, атап айтқанда Б.Жұмалиннің «Бақыт деген…», М.Садыбековтің «Шилі өзен», т.б. әндері бар. 
Айжан Нұрмағамбетова гастрольдік сапармен Германия, Моңғолия, Бұлғария, Түркия, тағы да басқа шет елдерде және Қазақстанның бірқатар аймақтарында болып, өнер көрсеткен. Қазір «Қазақконцерт» бірлестігінде еңбек етеді.