Жарияланды: 630

Бүгін жазушы, драматург Қалмұқан Исабай 90 жасқа толды

Бүгін жазушы, драматург Қалмұқан Исабай 90 жасқа толды

Бүгін жазушы, драматург, Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмұқан Исабай 90 жасқа толды. 

Қалмұқан Исабай 1925 жылы Павлодар облысындағы Баянауылда туған. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. 
1955-1985 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросының директоры қызметтерін атқарған. 1985 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысады. Алғашқы әңгімелер жинағы - «Баян» атты әңгімесі 1959 жылы жарық көрді. Бұдан соң «Ажал құрсауында», «Жұмбақ үй», «Бетпе-бет», «Соңғы тәулік» повесть, әңгіме, очерктер жинақтары, «Cұнқар самғауы», «Айқыз», «Жолдас комендант», «Көгілдір қазына», «Серт», «Арна» т.б. романдары басылды.
Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы, Құрмет ордендерімен, және көптеген медальдармен марапатталған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін