Жарияланды: 630

Бұрынғы сенатор Мұхаметжанов "Астана Опера" театрын басқарады

Бұрынғы сенатор Мұхаметжанов "Астана Опера" театрын басқарады

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып Төлеген Мұхаметжанов тағайындалды.

Тиісті қаулыға Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп кеше мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді. Сонымен қатар президент сенат депутаты Т.Мұхаметжановтың өкілеттігін тоқтататын жарлыққа қол қойды. Т.Мұхаметжанов симфониялардың, камералық шығармалардың, кинофильм музыкаларының, театрлық қойылымдардың, әндердің, романстардың, әйгілі аспаптық музыкалардың авторы. Ол жиырма шақты кинофльмге музыка жазған. Бұрынғы жылдары ол Астана әкімінің орынбасары, мәжіліс депутаты және сенат депутаты болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін