Д. Тұрлыбектің «Мәшһүр-Жүсiп» деректі фильмін көрермен сынға алды
![]() |
Біз Мәшһүр мұраларын әлi толық танып болған жоқпыз. Ал деректі фильм жөніне келсек, |
біріншіден, «Түркі әлемі» дүниежүзілік фестиваліне алып баратындай мағыналы ой мен мазмұн көре алмадық. Ерекше жоғары әсер алатындай, сол алған әсері ойдан кетпейтіндей фильм керек, деп жазады egemen.kz.
Алдағы қазан айында Түркияның Шашма қаласында түркiтiлдес халықтардың дүниежүзiлiк телефестивалi өтетін көрінеді. Біздің елімізден Алматыдағы «Түркi әлемi» телестудиясы қатысады екен. Телестудия «Әйтеке бидiң ақ жолы» және «Мәшһүр-Жүсiп» атты деректі фильмдерімен фестивальға қатыспақшы болыпты. Субтитрімен түрiк тiлiне де аударылыпты. Жуықта фильм авторы, «Түркi әлемi» телестудиясының директоры, жазушы Доқтырхан Тұрлыбек Кереку өңіріне келiп, алғашқы беташар көрсетілімін көрсетті. Доқтырхан Тұрлыбектің айтуынша, фестивальда жүлделi орынға ие болған фильм түркiтiлдес 26 елдiң тiлiне аударылады екен. Олардан басқа ағылшын, испан және орыс тiлдерiне де тәржiмаланады. Жазушының ғұламаны түркі әлеміне таныстыруды қолға алған танымдық ғибраты мол имандылық ісі сауапты болсын дейік.
Бірақ, Шерхан ағамыз айтқандай, осындайда бір кем дүниенің алдыңнан шығатыны өкінішті. - Бiздiң мақсат - Мәшһүр-Жүсiптi түркі әлемiне таныстыру. Өзiмiз де әлi бiле бермеймiз. Ғұлама қазаққа ғана емес, жалпы түркi дүние¬сiндегi айтулы тұлға екенін осы фильм арқылы таныстырғымыз келді. Бірақ, фильмдi алдымен жерлестерiне көрсетiп алайын, не дер екен деп әкелiп едiм. Бiраз орынды сындар айтылды. Сондықтан, қайтадан толықтыру қажеттігін түсіндім, - деді автор.
Әрине, Мәшһүр атамыз туралы шетке кино шығарып, апарып көрсету - үлкен рухани-ғылыми, әдеби-мәдени ізденісті талап етеді. Ғұламаның мұрасы ол өзі бір тұңғиық әлем. Бұл - бір таусылмас шежіре. Тек үңіле біл. Түсіну - парыз. Шығармалары өте күрделі, үлкен фило¬софиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауларына құрылған құбылыс. Адамға рухани ой-сана беретін қуатты құрал. Әулиелiк қасиетi, дiни қайраткерлiгi және бар. Сондықтан да біз Мәшһүр мұраларын әлi толық танып болған жоқпыз. Ал деректі фильм жөніне келсек, біріншіден, «Түркі әлемі» дүниежүзілік фестиваліне алып баратындай мағыналы ой мен мазмұн көре алмадық. Ерекше жоғары әсер алатындай, сол алған әсері ойдан кетпейтіндей фильм керек. Ғұламаның мұрасын зерттеушілер, жер-гілікті жердегі мәшһүртанушы ғалымдар, жазушылар, жалпы аталарының жазған-сызғандарын сақтап, саралап, жатқа білетін со-ңындағы ұрпақтарымен ақылдасып, кеңесіп барып деректі фильм түсіру қажет еді.
Кемшін тұстарды Доқтырхан ағамыз да түсінді. Фильмді Мәшһүр атаның жерлестеріне көрсетіп алғаны тіптен-ақ жақсы болды. Ғұлама атамызды өзгелерге бағалата білетін де өзіміз ғой. Көпшілік айтқан сыни пікірлері, жанашыр көзқарастары қайта фильм «Түркі әлеміне» жол жүріп кетпей жатып айтылғаны жақсы болды. Келесі жолы ғұлама жайлы көпшілікпен кеңескен, ғылыми-әдеби сындардан өткен мазмұнды шығарма ұсынылатын болар деп сенеміз. Өткенді білу, ғибратын түсіну - парыз. Ал Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы туралы деректi фильм түсiру үшін де осындай руханият талаптары қажет екені сөзсіз.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін