Жарияланды: 400

«Дәстүрлі музыканың он күндігі» акциясы басталды - ШҚО

«Дәстүрлі музыканың он күндігі» акциясы басталды - ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Өскемен қаласында «Дәстүрлі музыканың он күндігі» акциясы басталды.

Акцияның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын ұлттық өнермен және мәдениетпен жақынырақ таныстыру, Шығыс Қазақстан туралы ән-күйлерді насихаттау. Акция аясында арнайы топ құрылып, оның құрамына Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан Халықтары ассамблеясының мүшелері енді. Топтың мүшелері Өскемен қаласының аумағында орналасқан ірі сауда орталықтары, мейрамханалар, дәмханалар, жедел тамақтану орындары, кофеханалар мен қоғамдық орындарының басшаларымен келісіп, заманауи және дәстүрлі әндер жазылған баспа табақшаны салтанатты түрде табыс етті. Арнайы топ күнделікті акцияның орындалуын бақылап, оның қорытындысы бойынша белсенді атсалысқан мекемелерді марапаттайтын болады. Аталмыш акция дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін