Димаш қатысып жатқан байқау елімізде қашан көрсетілетіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш қатысып жатқан байқау елімізде қашан көрсетілетіні белгілі болды

Димаш қатысып жатқан байқау елімізде қашан көрсетілетіні белгілі болды

Димаш Құдайберген қатысып жатқан «I Am a Singer» байқауы «Хабар» арнасынан қашан көрсетілетіні белгілі болд

  • 31 Наурыз 2017
  • 762
Фото - Caravan.kz

Димаш Құдайберген қатысып жатқан «I Am a Singer» байқауы «Хабар» арнасынан қашан көрсетілетіні белгілі болды.

«Мен әншімін» – үздік әншіні анықтайтын музыкалық байқау. Ең алғаш 2013 жылы эфирге шыққан жоба осы жылы 5-рет ұйымдастырылуда.

«Мен әншімін» – Қытай еліндегі ең үздік музыкалық байқаулардың бірі, сондай-ақ «Хунань ТВ» арнасының ең танымал музыкалық шоуы. Сондықтан Қытайда бұл жобаның рейтингі өте жоғары.

Қазіргі таңда «I Am a Singer» шоуы Канада, Малайзия, Сингапур, Тайланд және Еуропа мемлекеттеріне тарайды.

Қытай елінің Хунань аймағында ұйымдастырылған байқауға қатысушылар – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған танымал жұлдыздар.


Әншілердің саны – 7. Олар – Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур және Қазақстан азаматтары.

Димаш Құдайбергенов – Орталық Азиядан қатысқан алғашқы әнші.

Көрермен Димаштың жеңіс жолының қалай болғандығын тамашалайды. Сонымен бірге әншінің қарсыластары кімдер, сарапшылар оған қандай пікірлер айтты және т.б. қызықты ақпараттар болады.

«Хабар» арнасы аталмыш жобаны 1-2 сәуірден бастап сағат 16.15-те көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар