Димаш Құдайбергенов өзін Витаспен салыстырмауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайбергенов өзін Витаспен салыстырмауды сұрады

Димаш Құдайбергенов өзін Витаспен салыстырмауды сұрады

Қытайдағы I Am a Singer музыкалық конкурсына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов өзін Витаспен салыстырмауды сұрады, -

  • 24 Қаңтар 2017
  • 1136
Фото - Caravan.kz

Қытайдағы I Am a Singer музыкалық конкурсына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов өзін Витаспен салыстырмауды сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ресейлік әнші Витаспен салыстыратындар көп. "Қайырлы кеш, Достар! Қазақтың Витасы", "Витас сиақты айтады", "Екінші Витас" деген маған теңеу сөздеріңізді естіп жатамын! Әрине, Витас жақсы әнші, оны құрметтеймін, бірақ мен "Екінші Витас" емеспін! Музыкадан xабары бар мамандар мені жақсы түсінеді!..", — деп жазды әнші. 

Сонымен қатар, ол келесі байқау күніне режиссерлердің ұйғарымымен Витастың ең күрделі саналатын "Опера 2" композициясын орындайтынын мәлімдеді. Айтуынша, ол бұл атақты әнді Витастың дауысынан 4 модуляциямен 2 тон жоғары айтуға бел буып отыр. "Қалай болатынын бағалай жатарсыздар! Айтпақшы, келесі байқау күні 28 қаңтар күні Бейжің уақытымен 22:05-те! Hunan tv online арқылы тамашалай аласыздар!", — деді әнші.

Ол телешоудың бірінші кезеңінде SOS d'un terrien en détresse әнін француз тілінде орындап, жеңімпаз атанған болатын. Әнші қатысып жатқан конкурста 14 кезең бар. Конкурс Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр. Менеджерінің айтуынша, Димаш Құдайбергенов осы конкурсқа қатысу үшін имиджін өзгертіпті. "Димаштың имиджін өзгерттік. Осындай "лук". Бұл The voice емес, бұл атақты әрі өнер жолында танылып үлгерген әншілердің конкурсы", — деген еді мұның алдында әншінің продюсері Шаримов. Айтуынша, I Am a Singer конкурсының бесінші маусымы қытайдың рейтингі ең жоғары Hunan TV телеарнасында таратылады.


Соңғы жаңалықтар