Жарияланды: 2800

Димаш Құдайбергенов Сүндет Байғожинмен бірге халықаралық супержобада өнер көрсетті

Димаш Құдайбергенов Сүндет Байғожинмен бірге халықаралық супержобада өнер көрсетті Сурет - youtube.com

"Үлкен опера-2016" халықаралық жобасына Қазақстан атынан қатысып жатқан опера әншісі Сүндет Байғожин кезекті сахнаға жас әнші Димаш Құдайбергеновпен бірге шықты. Олар әйгілі Notre Dame de Paris мюзикліндегі Tu vas me détruire ариясын орындады. 

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлап отыр.

Бірақ осы жолы қазылар алқасы болған жоқ. Өйткені бұл негізгі байқаудан тыс сахна еді. Ал қатысушылар ерекше өнер көрсетіп, жұртты таңдай қақтыруы керек. Сүндет Байғожин мен Димаш Құдайбергенов бұл жағынан ешкімге дес бермеді деуге болады. Яғни ән айтылып біткен соң көрермендер ұзақ қол шапалақтап, "браво!" деп айқайлады.

Ал басында жүргізушілер Димаштың керемет дауысы барын атап өткен болатын. Олар жас әншінің төрт октавалық диапазонның иесі екенін айтып, оны қазақтың Витасына (ресейлік әнші) теңеді. Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов - "Славянский базар-2016" халықаралық байқауының жеңімпазы. Сондай-ақ, ол "Шығыс базары" мен "Мейкин Азияның" да Гран-приін алған.

Ал "Большая опера-2016-ның" негізгі қатысушысы, "Астана Опера" театрының солисі Сүндет Байғожинге келсек, ол

байқауда 16 балл жинап ортаңғы орындарда келе жатыр. Қзаір армениялық Тигран Оганян (19 балл) алда тұр. Бұл телевизиялық супержобаның жеңімпазы енді 6 эфирден кейін анықталады.    

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін