Димаштың жаңа әні қытайлық QQ Music платформасында рекорд жаңартты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаштың жаңа әні қытайлық QQ Music платформасында рекорд жаңартты

Димаштың жаңа әні қытайлық QQ Music платформасында рекорд жаңартты

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің We Are One ("Біз бірміз") әні қытайлық QQ Music музыка платформасында алтын сертификат алды.

  • 18 Мамыр 2020
  • 122
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

COVID-19 пандемиясымен күреске арналған ән 100 миллионнан астам рет тыңдалып, танымалдық индексін жинады және солайша алтын сертификацияны алды.

Димаш Құдайберген We Are One әнін коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан дәрігерлерге және оқшауланып отырған адамдарға арнаған.


"Бүкіл әлем коронавирус індетімен күрескен күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Тек қорқынышты ауруға қарсы бір-біріне көмектесіп, осы ауыр уақытта COVID-19 жеңуге болады. Бұл ән індетке қарсы күрестің басты майданындағы дәрігерлерге және оқшауланған барлық жанға арналған", — деп мәлімдеді Димаш Құдайберген.

Соңғы жаңалықтар