Сонымен «Көліктер- 2» мультфильмі кинотеатр экрандарында мемлекеттік тілде дубляж жасаған ең бірінші голливуд жобасы болмақ.
Қазақстандық кең прокатқа мультфильм 2011 жылдың 23 маусымында орыс және қазақ тілдерінде шығады.
Фильм кейіпкерлерін дыбыстап жатқан актерлардың қатарында Бақытжан Әлпейісов, Күнсұлу Шаяхметова, Дәулет Әбдіғаппаров, Нышанбек Жұбанаев және Азамат Қанапияев бар.
Аударылған фильм түркі тілдерінің ішінде (түрiктен кейiн) қазақ тілі екінші екенін атап көрсеткен жөн.Сонымен бiрге бұл«Көліктер — 2»фильмінің кейіпкерлері 48-шi тілде сөйлей бастады.