Дұғамыз неге қабыл болмайды? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дұғамыз неге қабыл болмайды?

Дұғамыз неге қабыл болмайды?

Дұғамыз неге қабыл болмайды?

  • 29 Қаңтар 2019
  • 1251
Фото - Caravan.kz

Бір ауылда дұғасы екі етілмей қабыл болатын бір адам бар екен. Дұғалары қабыл болмайтын бір топ адам әлгі адамның алдынан шығып, мұның сыры мен жай-жапсарын сұрайды. Дұғасы қабыл болатын адам бір топ адамнан: «Дәл қазір сендер танымайтын бір адам келіп қарызға ақша сұраса берер ме едіңдер?» — деп сұрайды.

Олар бірауыздан: – Танымайтын адамға қалай қарыз береміз, — дейді.

Жарайды, егер мен сұрасам берер ме едіңдер? — деп тағы сұрақтың астына алады. Сен сұрасаң, әрине, береміз, — дейді. Олардан не үшін беретіндіктерінің себебін сұрағанда, былай жауап қайырады: – Біз сені жақсы танимыз. Сен сөзіңде тұрасың, өтірік айтпайсың, шыншылсың. Сен әрдайым жақсылық істейсің, — дейді. Сонда әлгі адам:

Міне, Алла тағала да дәл солай. Өзін жақсы танитын, өзіне берік сенетін, әрдайым Оны еске алатын, құлдық міндетін қолынан келгенше дұрыс атқаратын адамдардың дұғасын қабыл етеді, — деген екен.

Алла Тағала қабыл болатын дұға нәсіп етсін!

                                                                                                                                          Ақпарат көзі:
Ғибратты әңгімелер

Соңғы жаңалықтар